"Даму" мен Алматы қаласы әкімшілігі тамақ өнеркәсібін бірігіп қолдайды

Dalanews 23 мау. 2016 12:10 928

     «Даму» Қоры мен Алматы қалалық әкімшілігі қаланың тамақ өнеркәсібі саласын жеңілдікпен қаржыландыруды бастайды. Мұндай меморандумға «Даму» Қоры Басқарма төрағасы мен Алматы қаласы әкімі қол қойды. Құжат бойынша«Даму» Қоры мен Алматы қаласының әкімшілігі «Даму Өнім» бағдарламасы бойынша тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлікке паритетті негізде 1 млрд теңге бөледі. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.Несие айналымдағы қаражатты толықтыру мен құрал-жабдықтарды жаңғырту, жаңасын алуға деп бөлініп отыр.

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5%. Қарыз 100 млн теңгеге дейін беріледі. Құрал-жабдықтардыжаңғыртып,жаңасыналу үшін 84 айғадейін, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 айға дейін мерзім көрсетілген. Негізгі қарызды жабуға 18 айға дейін жеңілдік ұсынылады. Аталған бағдарламаға сәйкес, несие алған кәсіпкерлер кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қорының кепілдемесін пайдалана алады.

«Алматы қалалық әкімшілігімен арадағы бұл келісім шаһардың азық-түлік белдеуі, азық-түлік қауіпсіздігінқұрудаөте маңызды. «Даму» Қоры бұл бастаманы қолдайды. Мұндай әріптестік тауар өндірушілер үшін өнімін өткізуге, ал қала халқы үшін қол жетімді, сапалы, экологиялық таза тағам сатып алуға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, жылдық үстемақысы 8,5% болатын арзан несие қалада шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көбеюі мен олардың шығаратын өнім көлемін арттыруға да септігін тигізеді. Бұл – қала қазынасына қаржы түсіріп, жұмыс орындарының сақталып, жаңасының ашылуына алып келеді»,-деді «Даму» Қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин. 

Анықтама үшін: 2015 жылы «Даму» Қоры мен Алматы қалалық әкімшілігі сауда, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған «Жібек жолы» бағдарламасы үшін 4 млрд теңгенің меморандумына қол қойған болатын. Соның арқасында 77 жоба қаржыландырылып, 376 жұмыс орны сақталып, шамамен 350 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бағдарламаға екінші деңгейлі 7 банк қатысты. Кәсіпкерлердің өтінішімен 2016 жылы бағдарлама жалғастырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар