Chevrolet Kazakhstan Қазақстанның көне тарихын зерттеуге қолдау көрсетті: екі экспедиция, мыңдаған шақырым және жүздеген жаңа олжа

Chevrolet Kazakhstan Қазақстанның көне тарихын зерттеуге қолдау көрсетті: екі экспедиция, мыңдаған шақырым және жүздеген жаңа олжа

Екі экспедиция, мыңдаған шақырым жол және жүздеген жартас суреті. Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Chevrolet Kazakhstan еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырып келеді. Тамыз айында бренд көліктері Талдықорған, Семей және Аягөз маңындағы аз зерттелген аумақтарға ұйымдастырылған екі экспедицияға қатысты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан тарихы тек музейлерде, мұрағаттарда және оқулықтарда ғана сақталған жоқ. Оның ізі туристер көп бара бермейтін алыс аймақтарда — кең далада, тау сілемдері мен тасты үстірттерде жатыр. Мыңдаған жыл бұрын ежелгі адамдар тас бетіне өздері өмір сүрген дәуірдің тыныс-тіршілігін бейнелейтін суреттер қалдырған.

Өткеннің осы бір құнды куәліктерін тауып, тіркеу үшін зерттеушілер жүздеген, тіпті мыңдаған шақырым жол жүріп, шалғай аумақтарға аттанады. Мұндай жағдайда сенімді көлік жай ғана қатынас құралы емес, экспедицияның маңызды бөлігіне айналады.

Осы мақсатта Chevrolet Kazakhstan Қазақстандағы бірегей петроглифтерді іздеуге, зерттеуге және олардың топтамасын жасауға арналған «Бабалар коды» жобасын қолдады. Жобаның авторы, фотограф Владислав Ким National Geographic, Chevrolet Kazakhstan және ежелгі жартас суреттерін іздеп, зерттеп, тіркеумен айналысатын «Петроглиф іздеушілер» қауымдастығының басын қосты.

Тамыз айында бірден екі экспедиция ұйымдастырылды. Алғашқы сапар Арқарлы – Ешкіөлмес – Ордакөл бағытымен өтсе, екінші экспедиция мүшелері Абай облысындағы тылсым Көкентау үңгірлері мен Молдажар алқабына барды.

Екі экспедицияның да негізгі көлігі Chevrolet Traverse болды. Ал алғашқы сапарға Дияс Уәлихан өзінің Chevrolet Cobalt көлігімен қатысты.

Экспедиция бағыттары әдеттегі туристік жолдардан тыс аумақтарды қамтыды. Ірі қалалардан алыстаған сайын «Бабалар коды» жобасының қатысушыларын мыңдаған шақырымдық жол, ұлан-ғайыр дала, тасты аймақтар мен сенімді көліксіз жету қиын орындар күтіп тұрды.

Осындай жағдайда Chevrolet көліктері қашықтықты еңсеретін құрал ғана емес, зерттеу тобының толыққанды мүшесіне айналды. Көліктер қатысушылардың шалғайдағы тарихи нысандарға жетуіне және жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды тасымалдауына мүмкіндік берді.

Алғашқы экспедиция: Арқарлы, Ешкіөлмес және Ордакөл

«Бабалар коды» жобасының алғашқы экспедициясы тамыз айының ортасында өтті. Бағыт туристер көп бара бермейтін Арқарлы, Ешкіөлмес және Ордакөл аумақтарын қамтыды.

Экспедиция құрамында Chevrolet Kazakhstan дистрибуциясының SMM-менеджері Әмір Заманбек, автоблогер Дияс Уәлихан, фотограф әрі зерттеуші Владислав Ким және «Петроглиф іздеушілер» қауымдастығының мүшесі Рафаэль болды. Рафаэль топты Ордакөл мен Ешкіөлместегі жартас суреттері шоғырланған орындарға бастап барды.

Сапарға Chevrolet Kazakhstan компаниясы Chevrolet Traverse жол талғамайтын көлігін ұсынды. Сонымен қатар экспедицияға автоблогер Дияс Уәлиханның арнайы өзгертілген Chevrolet Cobalt көлігі қатысты.

Бағыт далалы және тасты аймақтар арқылы өтті. Топқа осы өңірдің ерекшеліктерін жақсы білетін әрі өздерін «петроглиф іздеушілер» деп атайтын жергілікті тұрғындар жол көрсетті. Олардың білімі, байқампаздығы және көпжылдық тәжірибесі алдағы уақытта зерттеуге лайық жаңа аумақтарды анықтауға көмектеседі.

Алғашқы экспедицияның басты нәтижелерінің бірі — бұған дейін белгілі археологиялық материалдарда кездеспеген үш петроглифтің табылуы болды.

Алдын ала болжам бойынша, табылған бейнелер әртүрлі тарихи кезеңдерге — қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және түркі кезеңіне жатады.

Бұл олжалар сырттай жақсы зерттелгендей көрінетін аумақтардың өзінде Қазақстан тарихының әлі ашылмаған беттері бар екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ал Chevrolet үшін бұл — осындай жаңалықтар ашып, оларды келешек ұрпаққа сақтауға үлес қосып жүрген зерттеушілерді қолдаудың мүмкіндігі.

Chevrolet Traverse: ауқымды экспедицияға арналған кеңістік

Екінші экспедиция тамыз айының соңында ұйымдастырылып, ауқымы жағынан алғашқы сапардан едәуір үлкен болды.

Бұл жолы топқа «Петроглиф іздеушілер» қозғалысының негізін қалаушы Ольга Гумирова қосылды. Жаңарған құрам Абай облысындағы Көкентау тауларына аттанды. Мұнда зерттеушілерді петроглифтер ғана емес, әртүрлі тарихи дәуірдің ізін сақтаған тұтас археологиялық ландшафт күтіп тұрды.

Абай облысына жасалған сапар кезінде топ Chevrolet Traverse көлігімен бір күннің ішінде шамамен 1100 шақырым жүріп өтті. Қысқа үзілістен кейін экспедиция Аягөз қаласына қарай тағы 600 шақырымға жуық жол жүріп, екінші нысан — Молдажар алқабын зерттеді.

Алғашқы экспедиция кезінде бірнеше жаңа жартас суреті тіркелсе, Көкентау мен Молдажар аумағындағы зерттеулер тарихи мұраның мүлде басқа ауқымын көрсетті.

Көкентау тауларындағы жартас суреттері туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында пайда болған. 2010 жылы бұл аумақ жартас суреттері орналасқан орын ретінде картаға енгізілді. Сол кезде Шәкәрім университетінің студенттері петроглифтер бейнеленген 11 тасты тіркеген. Ұзақ уақыт бойы ескерткіштің көлемі туралы түсінік осы деректермен ғана шектеліп келді.

Алайда кейінгі зерттеулер Көкентаудағы тарихи мұраның әлдеқайда ауқымды екенін көрсетті. «Бабалар коды» экспедициясының мүшелері бұл жерден ежелгі тұрғындар тас бетіне қызыл жосамен салған бірегей бейнелерді тапты.

Әрбір жаңа тас, жартас бетіндегі әр бейне мен тіркелген көрініс мыңдаған жыл бұрын қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өмірі туралы түсінігімізді толықтыра түседі. Алдағы уақытта «Петроглиф іздеушілер» Көкентаудағы жұмыстарын жалғастырып, тас дәуірінен бастап сақтар мен түркілер кезеңіне дейінгі тарихи нысандарды зерттеуді жоспарлап отыр.

Тарихи мұраны тауып қана қоймай, сақтау маңызды

Петроглифтерді зерттеу жұмысы оларды тапқан сәтте аяқталмайды. Жартас суреттеріне жаңбыр, жел, температураның құбылуы және тастың табиғи мүжілуі үнемі әсер етеді.

Сондықтан қазіргі зерттеулер әр нысанды іздеп тауып, нақты тіркеумен ғана шектелмейді. Бұл жұмыс еліміздің тарихи мұрасын заманауи әрі көркем форматта көпшілікке таныстыруды да көздейді.

Бүгінде жартас суреттеріне арналған виртуалды музей жұмыс істейді. Болашақта мамандар Қазақстанның жартас өнеріне арналған толыққанды музей ашу мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Chevrolet Kazakhstan: беймәлім мұраны ашушыларға қолдау

Chevrolet Kazakhstan үшін «Бабалар коды» жобасына қатысу — еліміздің тарихи мұрасын зерттеп, сақтаумен тікелей айналысып жүрген адамдарға қолдау көрсету мүмкіндігі.

Экспедиция мүшелері мыңдаған шақырым жол жүріп, ұзақ уақыт сапарда болды және шалғай аумақтарда зерттеу жүргізіп, жаңа тарихи деректер жинады. Chevrolet көліктері зерттеушілерге Қазақстанның тасқа қашалған тарихы сақталған алыс аймақтарға жетуге мүмкіндік берді.

Әрбір жаңа олжа Ұлы дала тарихын толықтыра түседі. Әр экспедиция әлі де зерттеуді қажет ететін аумақтарды ашуға жол салады. Ал топ жүріп өткен әрбір шақырым оларды келесі жаңалыққа жақындатады.

Chevrolet үшін қозғалыстың шынайы мәні — қашықтықты еңсеру ғана емес, жаңалық ашуға ұмтылған адамдардың алға жылжуына көмектесу.

Allur компаниялар тобының құрамына кіретін Chevrolet Kazakhstan алдағы уақытта да еліміздің тарихи және мәдени мұрасын зерттеуге әрі сақтауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Өйткені Қазақстан тарихы — өткен күннің парақтары ғана емес. Ол — бүгін де жаңа қырынан ашылып жатқан баға жетпес мұра.

Together, let’s discover — беймәлімді бірге ашайық.