"Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге міндетті" қордың топ-менеджерлері 2022 жылы 406,5 млн теңге сыйақы алған. Бұл ақпарат KASE сайтында жарияланған екен.
"Самұрықтың" төбе басында отырған 6 топ менеджер бар.
Осы жылдың сәуіріне дейін қорға Алмасадам Сәтқалиев жетекшілік етті. Демек, былтырғы жылғы атқарған еңбегі үшін оған да қомақты үлес бұйырғаны анық.