Қаладағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараны 30 қазан күні өткізу жоспарланған. Форумға республика көлеміндегі кәсіпкерлер шақырылды.
Жиын үш секция бойынша жүреді:
1. «Ауылшаруашылық және коммерциялық бағыттағы жер телімдері»
2. «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары мен сенімді басқару»
3. «Қаладағы индустриалдық аймақтарды дамыту»
Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта форумға қатысуға 30 өтініш келіп түскен.
– Ел көлемінде жалпы саны 200 шақыру тараттық. Әзірше 30 кәсіпкерден нақты өтініші түсті. Олардың дені облыстағы бизнес өкілдері, – дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Мұқтарқанұлы.
Шараны ұйымдастырушы тараптың айтуынша, кәсіпкерлерден өтініш қабылдау жалғаса береді.
– Негізінен осы уақытқа дейін форум туралы хабарды аймақтың түкпір-түкпіріне таратуға күш салдық. Алдағы апта ішінде республикаға жарнамалауды қолға аламыз. Өтініштер саны көбейетініне сенімдімін, – дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсынбет.