Бюджет қаржысын жымқырған алматылық шенеуніктер сотталды

Көркем Алдабергенова 05 мау. 2024 10:06 2097

Алматыдағы ветеринарлық қызметінің директоры сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды. 

Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар