Сотта Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны әлі айғақ ретінде ашылмады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бишімбаевтың адвокаттары оның телефонын зерттеу сот залында міндетті емес екенін айтып, өтініш жасады. Бірақ Нүкенованың отбасының адвокаттары мен прокурорлар Салтанаттың ұялы телефоны зерттелгенін атап өтті.
Артынша Бишімбаевтың қорғаушылары оның телефонын өздері ашуын сұрады.
"Сотқа ұялы телефонның құпия сөзін берсек өзгерістер жасалып кетуі мүмкін. Сондықтан Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін өзіміз теріп, артынша іс материалдарын зерттегеннен кейін сотқа құпия сөзді бере аламыз", - дейді экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаев ұялы телефонының құпиясөзін адвокатынан басқа ешкімге бермейтінін айтқан болатын.
Бишімбаевтың адвокаттары құпиясөз ашық айтылса оның ішіндегі жеке ақпараттары тарап кете ме деп қорқатынын жеткізді.
Жәбірленуші тарап Қуандық Бишімбаев құпиясөзін ашық айтуды талап етті.