Бишімбаев колониядан қашып кеткені рас па?

Сағыныш Сардарова 11 қар. 2024 09:03 1999

Желі мен БАҚ-та экс-министр Қуандық Бишімбаев колониядан табылмағаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сотталған Бишімбаев қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарап жатыр, бұл шындыққа сәйкес келмейді", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.  

Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар