Бишімбаев жазасын жеңілдетпек

Көркем Алдабергенова 06 там. 2024 11:04 2914

Қуандық Бишімбаев жазасын жеңілдеткісі келеді. Себебі экс-министрдің ісі Жоғарғы сотқа түскен, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа түсті. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде жарияланған.

Іс 5 тамызда судьяға берілді.

Еске салайық, 23 шілдеде Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жеткізілгені белгілі болды.

бұған дейін Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтты.

Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты. 

"Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол "Еңбек" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.  

Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істегендей Бишімбаев пен де жұмыс істейді", - дейді Жәнібеков. 

26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар