Бишімбаев ісі бойынша тергеушіге шабуыл жасалғаны рас па?

Сағыныш Сардарова 05 нау. 2024 09:51 5164

Әлеуметтік желілерде әйелге шабуыл жасаған сәт көрінетін видео тарап кетті. Желі қолданушылары жәбірленуші Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеуші екенін де айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Жәбірленушін әрекетінің бұл тергеуге қатысы жоқ. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін қылмыстық іс заңдылығын тексеріп, сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданған. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі өкілдері.

Видеодағы оқиға 12 ақпанда болған. Криминалдық полиция қызметкерлері сол кезде елорда аулаларының бірінде қызға шабуыл жасаған Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Біздің елде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне "тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Біз жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік.

Бүгінде көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді, әсіресе, ойыншыларды "қызықтыруға" болатын кезде.

Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық нормалар мен қағидаларға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені қоғам ақымақ емес.

Мен әрқашан кәсіби журналистер қауымдастығын бағалау керек деп айтатынмын. Олар - ойлы, ақылды және күшті адамдар", - деді министр Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар