Бишімбаев ісі бойынша сараптама жасаған маман Шерзаттың өлімінің себебін айтты

Көркем Алдабергенова 23 мам. 2025 15:55

Қуандық Бишімбаевтың ісінде соққы іздерін дәлелдеген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде сарапшы ретінде сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жәбірленуші тараптың өкілдері Тахир Халимназаровты сот отырысына арнайы шақырған. Қазіргі уақытта сарапшы сотта куәлік етуін бастап кетті. 

"Өлімнің себебі мәйітті зерттегенде, сараптама жасаған кезде анықталды. Ол кеуде қуысына кесілген жарақат салдарынан (пышақтау) өкпесі жыртылып, көп мөлшерде қан кеткен. Қалған бетіндегі қан талаулары мен сызаттар сараптама әдістері бойынша сыртқы жарақат болып саналады және өлімге әкелмейді", - дейді Халимназаров. 

Айта кетейік, Тахир Халимназаров Қазақстан жұртшылығына Қуандық Бишімбаевтың ісі кезінде кеңінен танылған болатын. Ол сот барысында Салтанат Нүкеноваға жасалған соққы іздерін және олардың зардабын нақты дәлелдермен көрсетіп, сараптама жасаған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар