KASE -дегі сауда-саттық қорытындысы бойынша 2025 жылы 5 ақпанда ұлттық валютаға шаққанда 1 АҚШ долларының орташа бағамы 515,97 теңгені құрап, алдыңғысынан тағы 4,14 теңгеге арзандады, деп жазады Dalanews.kz.
Бір күн бұрын, яғни 4 ақпанда 1 АҚШ валютасының ресми құны 521,6 теңгеден 520,27 теңгеге шамалы түскен еді. Яғни, 5 ақпандағы саудада бұл арзандау тағы да өз жалғастығын тапты. Сонда екі күн ішінде 1 АҚШ доллары 5 теңгеден аса құнын жоғалтқан.
Әлемдік нарықта мұнай бағасы да арзандауда. 5 ақпанда ICE Futures электронды сауда-саттығында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің құны 0,39%-ға құнсызданып, бір баррелі 75,90 долларға дейін төмендеді. NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнайының наурыздағы фьючерстері 0,30%-ға, яғни бір баррелі 72,48 долларға дейін арзандады.
Айта кетсек, ҚР Ұлттық банктің 5 ақпанға бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 520,27 теңге, евро – 537,65 теңге, рубль – 5,24 теңге деңгейінде бекітілген.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:
Астана
1 АҚШ доллары: сату – 515 теңге, сатып алу – 521 теңге.
1 евро: сату – 533 теңге, сатып алу – 540 теңге.
1 рубль: сату – 5,15 теңге, сатып алу - 5,25 теңге.
Алматы
1 АҚШ доллары: сату - 516 теңге, сатып алу – 519 теңге.
1 евро: сату – 535,5 теңге, сатып алу – 539,5 теңге.
1 рубль: сату – 5,21 теңге, сатып алу - 5,31 теңге.
Шымкент
1 АҚШ доллары: сату – 515 теңге, сатып алу – 518 теңге.
1 евро: сату – 536 теңге, сатып алу – 541 теңге.
1 рубль: сату – 5,18 теңге, сатып алу - 5,25 теңге.