Доллар бағамы тағы шамамен 3 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 457,21 теңге болды. Осылайша америкалық валюта бір тәулікте 2,95 теңгеге арзандады.
Ал айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 459 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін сарапшылар 2026 жылдың соңына қарай теңге бағамы әлсіреуі мүмкін екенін мәлімдеді.
