Биыл ШҚО-да үш ауысыммен оқу мәселесі түбегейлі шешілмек

Dalanews 19 қаң. 2017 08:33 732

Өңірде ағымдағы жылы бірнеше білім мекемелері ашылып, үш ауысыммен оқу мәселесі шешімін таппақ.

2016 жылы Шығыс Қазақстанда 11 апаттық жағдайдағы және 5 үш ауысымдық мектеп болған. Өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен 6 мектеп ашылған болатын.

Облыстық әкімдіктің отырысында білім басқармасының басшысы Айжан Садықова ағымдағы жылы апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесін шешу үшін 6 мектептің салынатындығы туралы хабарлады.

Кеңес барысында облыс әкімі Даниал Ахметов апатты мектептердің ішіндегі Көкпекті, Күршім аудандарындағы үш мектептің бүгінгі жағдайын тексеру үшін комиссия құрып, мәселені түбегейлі шешу бойынша ұсыныс беруді тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар