Тамшылатып суғару әдісі қосымша 500 гектарға ендіріліп, оның жалпы көлемі 2998,7 гектарға жетті.
26,3 гектарға қосымша жылыжайлар ұлғайтылып, оның жалпы көлемі 127,3 гектарға жетті. Осы жылыжайлардан жыл бойына 38,1 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.
Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 41 жобаға 198,2 млн. теңге несие берілгенін айта кетуіміз керек.
«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламаларының аясында 2611 мал басы сатып алынып тапсырма артығымен орындалды. 2018 жылдың 10 айында ауданда 9050 бас мал бордақыланып, 18 164,6 тонна ет өндірілді.
Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша бүгінгі таңға 94 ферма ашылып, алға қойылған мақсаттар 103,3 пайызға орындалды.
Аудандағы Мал шаруашылығына тоқталатын болсақ, өткен жылдарға қарағанда мал басы айтарлықтай 5,6 пайызға өсіп, атап айтқанда, ірі қара мал басы 68,3 мың басқа, қой-ешкі 346,2 мың басқа, жылқы 30,8 мың басқа, құс 75,1 мың бірлікті құрады. Мал бордақылау алаңдар саны 392 бірлікті құрап меже 103,0 пайызға орындалды.
Dalanews.kz