Биыл қандастарға 2281 квота бөлінді

Көркем Алдабергенова 13 қаң. 2026 17:00

Биыл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарихи отанына қоныс аударғысы келетін этникалық қазақтарға 2281 квота бөлді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Түркістан газетіне берген сұқбатында қандастардың елге оралуын қолдайтынын атап өтті. Олардың қоғамға бейімделуіне ерекше назар аудару керегін жеткізді.

Бүгінде атажұртқа оралған қандастарды қолдау мақсатында бірнеше әлеуметтік көмек беріледі.

Жат жерде жүрген қазақтарды қолдау ісі де назардан тыс қалмаған. Ана тілін, төл мәдениетін, ұлттық болмысын сақтау үшін Отандастар қоры олармен байланыс орнатып, ақпараттық, гуманитарлық қолдау көрсетіп келеді. Елдегі мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет ұсынады. Айта кетейік, қазір әлемнің 40-тан астам елінде 5 млн-ға жуық этникалық қазақ өмір сүреді. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз хатшысы Алжан Шарипов айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove