Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар - Алакөл көлі жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд. теңге болатын «Феникс» ЖШС-ның демалыс аймағы, сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын «Есік» тау шаңғы курорты, жобаның құны 64 млрд.теңге.
Айта кетсек, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
https://dalanews.kz/34204