Облыс әкімнің айтуынша, жыл басынан бері қолданысқа берілген 12 мектептің алтауы – жекеменшік мектеп. Бұдан басқа, 137 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оған 11,3 млрд.теңге бағытталған. Жыл басынан бері 9590 орынды 135 балабақша ашылды.
– 3-6 жастағы балаларды қамтуда биылға жоспарланған көрсеткішіміз – 99,9 процент. Оған қол жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд.теңге қарастырылды. Жалпы, облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды, оның 34,3 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. Ал 2022 жылы қамту көрсеткішін 100%-ке жеткіземіз, – деді Амандық Баталов.