Биыл елордада 57 үйдің құрылысы аяқталып, 7000 үлескер баспаналы болады

Dalanews 18 мау. 2021 05:56 794

Елорда әкімдігі 2021 жылдың соңына дейін 50-ден астам тұрғын үй құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл тағыда 7 мың үлескерге пәтер кілтін тапсыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кету керек, 2019 жылдың жазында елордада 52 проблемалық нысан болатын. Сол жылы 10 проблемалы құрылыс аяқталды.

– 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 нысанда 20 үйдің мәселесі шешілді. 2723 үлескер өз пәтерінің кілтін алды. Әкімдіктің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компаниясы» 2021 жылы 18 нысанда 57 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл шамамен 7 мың үлескер, – деді «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС Басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.

Қалған ұзақ құрылыстарды аяқтау 2021-2023 жылдар ішінде жоспарланып отыр.

Әрбір проблемалық нысан бойынша кезең кезеңімен іске асатын іс-шаралар жоспары жасалды.

https://www.youtube.com/watch?v=dD7IbRUVnNk

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар