Биыл 60 бала құлап кеткен: ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 20 мам. 2025 09:50

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, күн жылығанда, сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Биыл жыл басынан бері 60 жазатайым оқиға туралы ақпарат түскен. Бес бала оқиға орнында қайтыс болған, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Әдетте қауіп ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балаларда. Көбіне қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болып жатады, себебі бұл торлар салмақты көтермейді.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торларына сенбеңіз, олар баланы ұстап қалмайды;
  • Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторлар орнатыңыз;
  • Бала терезе алдына шыға алмауы үшін терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар