Ресейдің Бурятия республикасындағы қар көшкінінен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы бар. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, 28 сәуір күні Ресейдің құзырлы органдарынан 1990 жылы туған Қазақстан азаматы А. Тицкийдің қаза болғаны туралы ресми хабар түскен.
Қайғылы оқиға Муй ауданы Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Алдын ала дерек бойынша, қар көшкінінің астында алты адам қалған.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан елшілігі Ресейдің тиісті органдарымен тікелей байланыста. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Бұл мәселе министрліктің бақылауында", – деп мәлімдеді ведомство.
