Фильмнің оқиға желісіне арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығы арқау болады. Олардың күнделікті міндеті – қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру.
Сондай қылмыстық топқа қарсы текетірестің бірінде үш жауынгердің достығы сыналады. Сарбаздар "күрең берет" бас киіміне ие болуға таласады. Түсірілімге арнайы жасақ, әскери техника мен авиация, сондай-ақ екі жүзден астам мерзімді әскери қызметші қатысқан.
– Жалпы бұл "Бүркіт" фильмінің негізгі мақсаты бұл көрерменге мынау потриоттық тұрғыдан құлшыныс, мотивация беру. Бұл өте қиын жанр. ғой Әскери потриоттық тақырыпқа негізделген туындыны түсіру бұл оңай емес. Ал, фильмдегі арнайы эфектілерді көргенімізде қазақ киносы соңғы 10-20 жылда заманауи технологияны пайдалануда жоғары нәтижеге қол жеткізгенін бағамдауға болады, – деді белгілі кинотанушы Назира Рахманқызы.