Дәуренбек Қозыбағаров Алматы облысында тұрып жатқанымен, негізі Өзбекстан азаматы. Бүгін ол ауыр жаза арқалап жатса да шіміріккен жоқ.
Соған қарағанда, істегеніне еш өкінбейтін сыңайлы. Естеріңізге салайық, бұл азамат осыдан үш ай бұрын Түрген ауылында екінші сыныптың оқушысын өзен жағасында зорламақ болған.
Қаршадай қызды педофилден мал бағып жүрген Тимурбек Жамаладдинов есімді жасөспірім қорғап қалған. Тіпті жәбірленушінің туыстары күдіктіні ұстап алып, сол жерде өлтірмекші болған-ды. Тек тәртіп сақшылары араша түсіп, азғын аман қалған екен.
- Немереміз енді 27-сі сотқа келгенде сотта соны көріп, қайтадан міне түнімен ұйықтамай жатыр. Жағдайы сондай. Қазір үйде. Міне, дәрігерге апарамыз. Анда-санда дәрігер келеді, қарайды, дейді жәбірленушінің атасы Халид Татаев.
Автор: Ербол Тұрымбет
Дереккөзі: КТК арнасы
https://dalanews.kz/19670