Бүлдіршіндер аналар мерекесін атап өтті

Dalanews 11 нау. 2019 15:54 769

Павлодар облысына қарасты Май ауылындағы «Балдырған»  бөбектер бақшасында көктемнің алғашқы күніме қатарласа жеткен Аналар мерекесі қарсаңында «Айналайын, анашым» атты ертеңгілік болып өтті.

Шара барсында балабақша тәрбиеленушілері ана мен қыз сыны сайысын ұйымдастырды. Бүлдіршіндер мереке қарсаңында дайындаған сый-сияпаттарын залға кірген бетте аналарына тапсырады.

Сайыс барысында бүлдіршіндер көпшілік алдында өз-өзін таныстыру, өнерін паш ету және қол өнер (үй тапсырма) сынды күрделі тапсырмаларды орындап, сынға түсті.

Мерекелік шарада балдырғандар «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнің  орындадп, би биеледі. Ата-аналар арасынан сайланған әділқазылар алқасы бүлдіршіндердің қолдан жасаған бұйымдарын жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді. Жиын соңында әсерлі кешті ұйымдастырған балабақша қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. «Балдырған» балабақшасының әр күні балаларға  сыңғырлаған күлкісіне толы болсын! Басымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп ата-аналар ақ тілегін арнады.

 

М.С. Егінбаева, Май ауылының «Балдырған»  бөбектер бақшасында тәрбиешісі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар