"Бұл екеуіне сот жоқ па?". Мәжіліс депутаты Байбек пен Сағынтаевтың қателігін жіпке тізді

Dalanews 25 қаң. 2024 10:07 2205

Бүгін мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіру бағытында заң жобасы қаралды, деп хабабарлайды Dalanews.kz.


Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловқа түрлі сұрақ қойылды. Мәселен, депутат Бақытжан Базарбек кәсіпкерлер тарапынан маңызды мәселені көтерді.


Ол қателікке бой алдырған шенеуніктерге ешқандай жаза қолданылмайтынын атап өтті.


“Қазақстанда мыңдаған адам жұмыс істейтін кәсіпорындар бар. Ал әрбір адамның отбасында 5-6 адамнан бар. Шенеуніктер қабылдаған қаулылар арқылы біреулерге жер берілді. Өндірістік орындар солай ұстағанның қолында кетті. Ал тұрғындар қазір сотқа беріп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, елдегі үш-төрт кәсіпорын жабылады. Ал шенеуніктерге қабылдаған шешімі мен шығарған қаулысы үшін жаза берілген жоқ. Өкінішке қарай, осы заң жобасында кәсіпкерлер ешбір норманы көре алмады. Мен де байқамадым. Шенеуніктердің қаулысының күшін жойған соттардың шешімдері бар. Бұл мәселені қалай реттейсіздер ”  – деді ашуға бой алдырған депутат.


Өз кезегінде Сарқұлов Базарбекке алғысын айта отырып, сұрағына жауап берді. Ол расымен де әділетсіздіктер орын алып жатқанын атап өтті.


Сонымен қатар Алматының таулы бөктерінде заңсыз 54 құрылыс анықталғанын жеткізді. Оның ішінде 35 нысанның мемлекетке қайтарылуы керектігі турасында сот шешімі шыққан. Сарқұлов лауазымды адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.


Алайда Антикор орынбасарының бұл жауабы депутаттың көңілінен шықпады.


Осы тұста ол 2021 жылы антикорға Алматының бұрынғы әкімдері Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаевтың үстінен арыз жазғанымен, екеуінің үстінен ешқандай іс қозғамалғанын айтты.


Ал Сарқұлов бұған жоғарыда айтқан жауабын қайталап, өз пікірінде қалды.


https://dalanews.kz/bas-takyryp/98483-ministr-sharipkhanov-zhumystan-sharshasa

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар