«Бақытты отбасы» орталығы көпбалалы аналарға құқықтық, психологиялық кеңес береді, сондай-ақ жұмыс табуға көмектеседі. Орталық жұмысының негізгі бағыты көпбалалы аналарды жаңа мамандықтарға оқыту.
Толқын Саметова індет жылы өте қиын болғанын айтты. Індет кезінде барлық орталықтар онлайн режимде жұмыс істеді. Сабақтар онлайн оқыту платформасында өтілді.
– Осы жағдайдың ауырлығын сезіне отырып, біз кеңсе мен үйде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтадық. Сондықтан вирусқа жол бермей біздің кеңсе өз жұмысын «шығынсыз» жалғастырды. Орталықтың әлеуметтік аккаунттары арқылы дәрігерлердің барлық ережелері мен кеңестерін тараттық, ауру жұқтырған отбасыларды қолдауға тырыстық, – деді Т. Саметова.
Толқын Саметова індеттен туындаған мәселелер халықтың барлық топтарына әсер етті және көп балалы отбасылар оларды әлемдегі барлық адамдар сияқты бастан кешуде деп ойлайды.
– Әрине, біз вакцинаны қолдадық, өйткені ол өмірдің қаншалықты тез жақсаратынын және әдеттегі арнаға оралатынын әлеуметтік жауапкершілікке байланысты екенін көрсетті. Алматыда КВИ вакцинасын алған көптеген қала тұрғындары екпе жайлы оң пікірде, – дейді Т. Саметова.
Оның пікірінше, вакцина аурудан қорғаудың ең қарапайым, қауіпсіз әрі тиімді әдісі. Вакцина алу заман талабы және онымен келісуіміз керек.
– Шынында, көптеген адамдар жалған әңгімелерге сенеді, ал вакцинаның пайдасын ғылыми тұрғыда біле бермейді. Сондықтан біз барлық көп балалы отбасыларға өз балаларының өміріне жауапты ата-аналар екенін, ал балалар-олардың ұрпағының жалғасы екенін айтамыз, – деді әлеуметтік орталықтың басшысы.
Толқын Саметова жақын арада КВИ-ға қарсы екпе қажеттілігіне сенбейтін адамдарға жалпыға бірдей вакцина алудың, қала тұрғындарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жалғыз жолы екеніне сенеді.
– Біз барлық аналарымызды өз болашақтары туралы ойлануға шақырамыз. Бүкіл әлем вакцина салдыруда. Бүгінде қызылша ауруы, шешек ауруы да күмән тудырады. Бірақ уақыт қауіпті ауруларға қарсы вакцинаның тиімділігін көрсетуде, – дейді Т. Саметова.