Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың қайтыс болуы қоғамды тағы бір мәрте күйзелтті. Марқұмның дәрігері әлеуметтік желідегі парақшасында сарбазға қатысты жүрек тебірентер жазба жариялап, оған өлең жолдарын арнады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Дәрігердің сөзінше, Ербаянның өмірден өтуінен кейін ешбір сөз де, ешқандай ақталу да болған жағдайды өзгерте алмайды.
"Ербаян енді ортамызда жоқ… Енді қалғанының бәрі маңызды емес… Болған жағдайды ешқандай сөз өзгерте алмайды! Ешқандай ақтау енді мәнге ие емес! Жалған дүние-ай… Қайтейін…", – деп жазды ол.
Сондай-ақ дәрігер марқұм сарбазға арнап өлең жолдарын жариялаған. Оның жазбасы көпшіліктің жүрегін ауыртып, желі қолданушылары Ербаянның жақындарына көңіл айтып жатыр.