Бүгін Тоқаев құқық қорғау органдарымен маңызды отырыс өткізеді

Көркем Алдабергенова 23 мау. 2025 10:25

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  басшылары қатысады.

Айта кетейік, Қазақстанда 23 маусым – Полиция күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн 1992 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң негізінде белгіленген. Мереке құқық қорғау саласында қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының кәсіби еңбегін мойындау және құрмет көрсету мақсатында енгізілген.

Осы күні елде полиция қызметкерлері марапатталып, салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұл күн – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жан аямай еңбек етіп жүрген жандардың мәртебесін көтеруге бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар