"Қазгидромет" 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Синоптиктердің мәліметінше, көптеген өңірде ауа райы құбылып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елдің батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Атап айтқанда, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында күн райы тұрақсыз болады. Маңғыстау өңірінде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Мұнда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді деп болжанды. Ал Атырау облысында күндіз нөсерлетіп жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.
Оңтүстік өңірлерде де желдің күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының орталық және солтүстік бөліктерінде шаңды дауыл болжанып отыр. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. Таулы аумақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Ақмола, Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түн мен таңертең қалың тұман түседі деп күтілуде.
Жетісу облысындағы Алакөл маңында да жел күшейіп, оның екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.
