Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бөлігі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
17 қаңтарда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Алматы жылу" холдинг кешенінің (қазіргі "Байсат" базары) мүлкіне қатысты жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.
Сотта кешенді заңсыз сату деректері расталды.
"Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нұрсұлтанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және "Astana Finansial Group" ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды", - деп жазылған мәліметте.
Ал бұған соталды тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.
Сурет: ашық дереккөз