Әуежайдағы жарылыс кезінде кемінде 17 адам көз жұмып, көптеген адам жарақат алған.
Әзірше әуежайдағы жарылыстан нақты қанша адамның мерт болып, жарақат алғаны анықталған жоқ.
Ал Бельгия билігі оқиғаны лаңкестік әрекет екенін мәлімдеді.
Қауіпсіздік қызметкерлері Брюссель әуежайынан лаңкестер іске қосып үлгермеген бомба орнатылған белдемше тауып алған.
Әуежайдағы алғашқы жарылыс American Airlines компниясы жолаушыларын тіркейтін жерде орын алғаны белгілі.
Тағы бір бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша ұшу алаңында да жарылыс болғаны айтылуда. Әзірше бұл жарылыс жайында ресми ақпарат жоқ.
Ал метрода екі мәрте жарылыс болғаны айтылуда. Мұнда да кісі өлімі орын алып, көптеген адамның жарақат алғаны айтылуда.
Қазір Бельгия билігі қауіпсіздіктің ең жоғарғы 4 деңгейіне көтеріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салып жатыр.
«ҚмД» ақпарат