Новенькое ауылының тұрғындарының айтуынша, мұндай жағдай бұл аймақта қалыпты саналады.
– Новенькое ауылы Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданының Железнов ауылдық округінің аймағында, аудан орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан. Аудан орталығынан басталатын 7 шақырым жолдың тек 4 шақырымы ғана асфальт төселген. Жолдың қалған бөлігі ми батпақтан тұрады және мұндай жағдайдың қалыптасқанына 30 жылдан асты, – деп мұңдарын шақты ауыл тұрғындары.
Олардың сөздерінше, өткен жылдың күзінде бұл жолдан жол талғамайтын көліктер аздап жүре алатын, ал биыл тіпті трактор да қозғала алмайтын жағдайға жеткен. Батпаққа тығылған көліктердің иелері оларды айдалада тастап елді мекендерге жаяу шығып кетуге мәжбүр болады.
– Бұл әрине ұры-қаралар үшін таптырмас жағдай. Олар түнімен көліктің алуға болатын бөлшектерінің барлығын үптеп кетеді. 7 наурыз күні жолдың осы бөлігінде бірден 6 көлік тұрып қалды. Олардың барлығы да трактордың көмегімен саздан шықпақ болған. Ал, 10 наурыз күні трактордың өзі екіге бөлініп түсті. Жағдайдың бұлайша қалыптасуына осы жерден өтіп, жолды ми батпаққа айналдырған үлкен жүк көліктері себеп болып отыр, – дейді тұрғындар.
Дереккөзі: ҚазАқпарат