2025 жылғы 24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиус Навикаспен ресми кездесу өткізді,– деп хабарлайды Dalanews.kz
Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде логистика, көлік, агроөнеркәсіптік кешен және құрылыс салаларындағы мәселелерді талқылады.
Өз тарапынан елші Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен елшілік ұйымдастыратын бизнес-миссиялар шеңберінде Литва Республикасына шақырды.
Айта кету керек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Литва Республикасымен өзара қарым-қатынасты дамыту аясында Батыс Қазақстан облысының Литва Республикасымен тауар айналымы 877 мың долларды, оның ішінде экспорт 262,4 мың АҚШ долларын, ал импорт 614,6 мың долларды құрады. Импорттың негізгі тауарлары – ірімшіктер (198 мың АҚШ доллары) және киім (300 мың АҚШ доллары), экспорт – полиэтилен қаптар мен пакеттер (137 мың АҚШ доллары) болып табылады. Тараптар экономиканың барлық салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.