БҚО жастарына арналған «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды

Ақтоты Жапатова 06 нау. 2025 12:24 213

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында бағдарламаның шарттары туралы айтып берді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін өтінім 6 наурыздан бастап қабылданады.

2024 жылдың соңында жергілікті мәслихат шешімімен «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына 1 260 000 000 теңге қаражат бөлінген. Бағдарлама аясында 70 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

"Тұрғын үй сатып алудың шекті бағысы – 18 000 000 теңге. Несие беру уақыты – 19 жылға дейін болса, пайыздық мөлшерлеме – 5%. Ал бастапқы жарна - 10%, яғни 1 800 000 теңге болса тұрғын үй бағдарламасына қатыса аласыз", - деді басқарма басшысы.

Бағдарламаға қатысу талаптары:

  • ҚР азаматтығы;
  • Жасы 21-35 жас (өтініш беру кезінде);
  • БҚО-да соңғы 1 жыл тұрақты тіркеу;
  • Соңғы 12 ай ресми жұмыс өтілі;
  • Соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйінің болмауы.

Қандай санаттағы жастар қатыса алады?

  1. Медицина, білім, мәдениет, спорт қызметкерлері;
  2. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері;
  3. Мемлекеттік қызметшілер;
  4. Құқық қорғау органдары қызметкерлері;
  5. Жастар қоғамдық бірлестігінде 1 жылдан аса жұмыс істегендер.

    Өтінім беру үшін qr.gov.kz сайтына ЭЦҚ арқылы тіркелу қажет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар