БҚО-дан тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды

Сағыныш Сардарова 27 нау. 2025 09:51 736

БҚО-да тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дрон бөлшектеріне ұқсас заттар анықталды. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.

"БҚО Полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, Жәнібек ауданында табылған ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекендерден қашық жерден табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр," – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Бұл – өңір аумағындағы осындай бесінші оқиға. 18 наурызда Тасқала ауданына ұзындығы үш метрлік аппарат құлаған болатын. 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданының Ұялы кентінде осындай жағдай болған еді. Ал соңғы дерек 24 наурызда тіркелді.

Айта кетейік, әскери сарапшы, танымал журналист Амангелді Құрметұлы бұған дейін осы турасында өз болжамын айтты.

«Батыс Қазақстан облысы жеріне белгісіз аппарат құлапты. Ресейлік және отандық бірқатар медиа француздың SAGEM компаниясы жасаған Crecerelle барлау дроны болуы мүмкін екенін жазды. Бірақ Crecerelle екінші суретте тұр. Бірінші суреттегі басқа дрон. Француз емес, ресейлік «Орлан 10» ға ұқсайды негізі. Ашық дерек көздерінен Crecerelle-дің бірінші суреттегіге ұқсас модификациясын таппадым. Ал «Орлан 10» оған біршама ұқсайды. Демек өткенде Ресей жеріндегі Қазақстан мұнайына арналған «Кропоткинская» мұнай айдау стансасына жасалған дрон шабуылына да сәл күмәнмен қарау керек сияқты», - деді ол бұған дейін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар