БҚО-да өрттен бес бала көз жұмды

Сағыныш Сардарова 04 мау. 2025 18:00

БҚО-да өрттен бес бала көз жұмды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Сырым ауданы Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Өртсөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан соң жетті. 30 шаршы метр аумақта заттар мен жиһаз жанып жатқан. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды", - деді ТЖД өкілдері.

Өрт толық ауыздықталған.

"Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар