БҚО әкімі коммуналдық сала қызметкерлеріне 58 арнайы техниканың кілтін табыстады

Жарбол Кентұлы 10 шіл. 2024 18:01 3851

Батыс Қазақстан обылсы әкімі Нариман Төреғалиев облыс бойынша коммуналдық мекеме қызметкерлеріне 58 арнайы техниканың кілттерін, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, коммуналдық қызмет саласына қажет техникалардың түрлері- автокран, кран-манипулятор, көшпелі электротехникалық лаборатория көлігі, автогидрокөтергіш, автобус және тағы басқалары бар.

Арнайы техниканың 20-сы облыс аудандарына жіберілсе, қалғандары «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің еншісінде қалмақ.

– Мемлекет Басшысының электр желілерін жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» үшін 58 бірлік техника сатып алынды.

Бүгінде коммуналдық қызмет саласын дамыту үшін мемлекет коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға барынша көңіл бөлініп, техникалар шетін жаңартылуда. Бұған жергілікті бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі – өңір тұрғындары үшін ең маңызды және қажетті салалардың бірі. Күнделікті тұтынып жатқан электр энергиясы, ауыз су, кәріз желілерін пайдалану игіліктер осы сала қызметкерлерінің арқасында мүмкін болуда, – деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

Жалпы облыс бойынша жылдан жылға медицина, полиция, коммуналдық мекемелер, тағы да басқа салаларға берілген арнайы техникалардың саны артып келеді. Мәселен, осыдан бірер апта бұрын орман шаруашылығы 32 жаңа трактормен толықса, өткен жылы медицина саласына 81 автокөлік, төтенше жағдай департаментіне 46, полиция департаментіне 149 (биылғы жылы 17 бірлік) техника сатып алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар