БҚО әкімі 100 миллион теңгелік резиденцияда тұрады

Көркем Алдабергенова 26 мам. 2025 12:19

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ерекше қорғалатын тұлғаларға арналған резиденцияда тұрады. Бұл нысанды ұстауға мемлекет жыл сайын 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсайды, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп.

БҚО әкімінің кеңсесінде тек резиденция ғана емес, сонымен қатар жеке аңшылық шаруашылығы және әкім мен оның командасының өмірін ыңғайлы етуге бағытталған тұтас басқарма бар. Бұл құрылым әкімдік ғимараттарын күтіп ұстаумен, қызметтік көліктермен, коммуналдық төлемдермен айналысады және тіпті тонометрлер сатып алады.

Алайда, әкімдік бұл шығындардың нақты қандай баптардан құралатынын ашып айтудан бас тартқан. Олардың айтуынша, облыс әкімінің резиденциясы мен Янайкино ауылы маңындағы аңшылық шаруашылығы коммуналдық меншікке жатады. Бұл мүлік “БҚО әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы” ЖШС-нің балансына бекітілген. Әкімдік бұл нысандардың бағалау құнын есептеуге қосымша қаржы жұмсамау үшін әзірге бағаламағанын, қажет болған жағдайда ғана бағалайтынын мәлімдеді.

Журналистер әкім резиденциясы мен аңшылық шаруашылық туралы кеңірек ақпарат сұрағанда, әкімдік толық мәлімет беруден бас тартқан. Себеп ретінде жуырда өтетін Қазақстан–Ресей президенттері қатысатын өңіраралық форум кезінде бұл ақпараттың теріс мақсатта қолданылуы мүмкін екенін алға тартты. Сонымен қатар, бұл екі нысанның “террористік тұрғыда осал” объектілер қатарына жататынын” айтты.

Батысқазақстандықтар үшін бұл құпия емес

Батыс Қазақстан тұрғындары үшін Нариман Төреғалиевтың қызметтік пәтерде емес, Уральск қаласының Самал шағын ауданындағы қорғалатын тұлғаларға арналған резиденцияда тұратыны құпия емес.

Ресми атауы – “Орал қаласының шет аймағындағы қонақ үй кешені”. Жалпы аумағы 11 269 шаршы метр, ал негізгі ғимараттың өзі 3 382 шаршы метрді алып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар