Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды баспана мәселесі қалай шешіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, эвакуациялық пункттердегі 3664 тұрғынға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Оның айтуынша, қазір шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралған, эвакуациялық пункттердегі 3664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
"Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 12086 тұрғын үй мен 7380 жалғыз баспана саяжай құрылыстары су астында қалды. Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18228 тұрғын үй зерттелді (94%), 15651 нысан бойынша бағалау аяқталды (81%). Қазіргі уақытта зерттеу қорытындыларына сәйкес 9306 баспана қалпына келетін санатқа жатқызылды. қазір шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралған 8190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5714 баспана сатып алу және 2576 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет", - деді Бозымбаев.