Борис Джонсон Украинадағы соғысты жалғастыру үшін пара алған болуы мүмкін — дереккөз

Қаракөз Амантай 13 қаз. 2025 09:07

The Guardian басылымы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Украина мен Ресей арасындағы соғыстың жалғасуына түрткі болған деген дерек таратты. Жарияланған құжаттарда саясаткердің 2022 жылдың сәуірінде Украинаның Ыстамбұл келісімінен бас тартуына әсер еткені айтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, Джонсонға бұл үшін британдық қару-жарақ өндіруші компанияның акционері Кристофер Харборн 1 миллион фунт стерлинг көлемінде пара берген. Аталған компания Украинаға ұшқышсыз дрондар жеткізумен айналысады.

Ақпарат көздері Харборн бұл соманы Джонсон премьер-министр қызметінен кеткеннен кейін құрған жеке компаниясына аударғанын жазады.

Сондай-ақ Кристофер Харборн Борис Джонсонмен бірге Киевке барған сапарда да болған. Дәл осы сапардан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге қол қоюдан бас тартқан.

Ресми тараптар әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар