Болат Мажағұлов қамауға алынғаны хабарланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы бірнеше бұқаралық ақпарат құралы мен телеграм арналар хабарлай бастады.
Мажағұлов Астананың Мәдениет басқармасын басқарған. Желідегі ақпараттарға сәйкес, Болат Мажағұлов 400 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қамауға алынған. Яғни Мажағұлов 2016 жылы "Солнце" субұрқағын салуға бөлінген қаржыны жымқырған болуы мүмкін.
Субұрқақ астана күнінде ашылуы керек болған. 2017 жылдан бері субұрқақ апаттық жағдайда тұр.
Артынша субұрқақ сапасыз материалдардан жасалғандықтан істен шыққаны анықталды.