"Болашақты да ойлаңдар". Министр зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алып жатқан жастарға үн қатты

Сағыныш Сардарова 26 нау. 2026 17:16

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін белгіленген жеткіліктік шекті арттыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, кейінгі бес жылда азаматтар зейнетақы жинағынан шамамен бес триллион теңге алған. Оның едәуір бөлігі жастарға тиесілі.

"Санаттар бойынша қарадық: 20 мен 35 жас аралығындағы жастар шамамен бір триллион теңге алған", - деді ол.

Ведомство мәліметінше, бұл үрдіс бұрынғы тәсілдерді қайта қарауды қажет етеді. Негізгі мақсат - жинақтаушы зейнетақы жүйесін сақтап, дамыту.

Министрдің сөзінше, еңбек жолын енді бастаған жастар алдымен жинақ қалыптастыруы керек. Қазір бұл қаржы несие жабуға және емделуге тиімді құрал болғанымен, болашақтағы зейнетақыны да естен шығармаған жөн.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove