Биыл бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,1%-дан астамы қазақ тілінде білім беретін сыныптарды таңдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2026 жылы бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарланған. Құжаттарды қабылдау 27 мамырдан 31 тамызға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.
«Қабылданған балалардың 71,1%-дан астамы қазақ тілінде, 26,6%-дан астамы орыс тілінде, ал 2,3%-ы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдады», деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сонымен қатар биыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 202 бала білім беру ұйымдарына қабылданды.
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ата-аналардың 88,7%-дан астамы өтінішті электронды форматта QazTech платформасы арқылы берген.
Министрдің мәліметінше, бірінші сыныпқа қабылдау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.