Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының бірдей қызметтерге әртүрлі баға қолданғанын анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Агенттіктің мәліметінше, Астана қаласы бойынша департамент жүргізген тексеру барысында өлшеу құралдарын тексеру қызметтеріне объективті себепсіз әртүрлі тарифтер қолданылғаны белгілі болған.
«Бірдей жабдықты тексеру құны тапсырыс берушіге қарай өзгеріп отырған. Ал қызмет бағасы бекітілген прейскурант негізінде емес, өзге тәртіппен қалыптастырылған», - деп мәлімдеді ведомство.
АЗРК мәліметінше, бұл әрекеттерде Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 2-тармақшасында көзделген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған.
Осыған байланысты департамент Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бар екені туралы хабарлама жолдады.
Қазіргі уақытта аталған хабарлама орындалған. Орталықта бірдей қызметтерге әртүрлі баға қолдануды болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылданған.