Бір бұзаудан 300 келіге дейін ет алған

Dalanews 16 шіл. 2021 01:50 1261

Кентаулық кәсіпкер Бекзат Хабибов үш жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашқан. «Эргеш ата» шаруақожалығының иесі Ресейлке 100 бас асыл тұқымды симментал сиырын сатып алып, іске кіріскен. Ол бүгінде 20-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шаруаның айтуынша, алғашқы жылы сатып алынған ірі қарадан 55 бұзау туылса, биыл мал басы тағы 80 бас бұзауға артқан. Қожалықта етті және сүтті бағыт қолға алынған. Мәселен, сүтті бағытта 1-тумадағылар күніне 8-10 литр, 2-тумадағылар 25 литрге дейін сүт береді. Шикізатты Қарашық ауылындағы фермаға өткізеді.

Бір бұзаудың өзі 300 келіге дейін ет береді. Бұзаулар бордақыланып, еті Түркістан және Кентау базарларында саудаланады. Бұдан бөлек, етті өзінің жеке кәсібі асханалық бағытқа да пайдалануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар