Былтыр Алматы облысында 2400 отбасы баспаналы болды

Dalanews 17 ақп. 2021 06:44 852

30 жылдықтың аясында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй беріледі. 

Алматы облысында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде.

Ағымдағы жылы Жетісу өлкесінде бір млн.шаршы метрден астам тұрғын үйді тапсыру жоспарланған, оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы  бойынша 191 мың шаршы метр пайдалануға беріледі.

Өңір басшысының мәліметінше, өңірде пәтер алуға 52 мыңға жуық адам, жер телімдерін алуға 154 мыңнан астам азамат кезекте  тұр.

"Өткен жылы 2 395 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 1 258 көпбалалы және әлеуметтік осал отбасы, оның ішінде 180-і меценаттар есебінен. 3731 отбасы жаңа баспанаға ие болады, оның ішінде "Бақытты Отбасы", "7-20-25", "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша - 1906 адам.

Алайда, жоғарыда айтқанымдай, облыста үй кезегінде тұрғандар саны артпаса, кемімек емес,  бізге көбірек құрылыс жүргізу керек", - деді әкім.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар