Алматыда BI Group компаниясы салған Arena Park тұрғын үй кешенін жаңбыр суы басқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға екі күн бұрын болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода бірінші қабатты су басқаны анық көрінеді.
Мәселеге қатысты BI Group басшылығы түсініктеме берген. Компания өкілдерінің айтуынша, өрт сөндіру станциясындағы құбыр жарылып, соның салдарынан 5-блоктың бірінші қабатын су басқан.
“Инженерлік қызмет мамандары дереу оқиға орнына жіберілді. Қазіргі таңда суды сорып шығару және апаттың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр”, – делінген компания хабарламасында.
Ал видео авторы бұл жағдайдың бірінші рет емес екенін еске салды.
“Бұл тек 5-ші блокта емес, 7-блокты да бір апта бойы су басып жатыр. Қашанға дейін осылай жалғасады? Қоймадағы бүкіл затымыздың быт-шыты шықты, бәрін тастауға тура келді”, — деп жауап қайтарған ол.