Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін білдірді.
Журналист Ерқанат Көпжасар министрге аз-кем сауал қойып, орталықтың ашылу тарихына қатысты ақпар берді.
Министр орталықты 2022 жылы бастау алған идеяның жемісі екендігін айтты.
– Біздің мәдениетімізді, әдебиетімізді, киномызды танытуға үлкен мүмкіндік бар. Кешенді жұмыс болады... Ұлттық киімді де қоюға тырыстық. Ең бастысы, біздің домбырамыз бен қазақ тілін үйренуге мүмкіндік бар. Екі класс ашылды, – деді Аида Балаева.