Bereke Bank Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко өз сөзінде:
«Мен қазақстандықтарға жаңартылған логотипімізді қуана ұсынамын. Бұл жай ғана белгі емес, бұның астарында Bereke Bank-тің болашақта қалай дамитыны, қандай өнімдерді ұсынатыны және біздің банкті клиенттер не үшін таңдайтыны туралы сұрақтарға жауап беретін мән-мағына бар. Бұл - біздің ұжымымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі».
Bereke Bank логотипінің стилистикалық жаңаруы банктің санкциялардан шыққаннан кейін операциялық қызметін толық қалпына келтірілгенін айқындайды. Рестайлинг кезінде банк Fitch-тен BB рейтингін алды, Visa, MasterCard, шетелдік корреспондент-банктермен қарым-қатынасты, AppStore және Google Play-ді, сондай-ақ өзінің мобильді қосымшаларын қалпына келтірді. Банктің жаңа стратегиясы қолданыстағы Bereke Bank атауының негізінде жасалды.
Жаңа стратегияны әзірлеу бірнеше айға созылды және оған банктің бүкіл ұжымы атсалысты. Жаңартылған логотиптен басқа, банк аудиторияға «Бәрі Bereke-лі болады!» деген жаңа ұранды ұсынып отыр.
«Береке» - қазақстандықтар үшін терең мағыналы сөз әрі ол жанұямен, үймен, әл-ауқатпен тікелей байланысты. Жаңа Bereke Bank әр клиентке қамқорлық пен ерекше көзқарас таныту арқылы оларды бақытқа, жетістікке, болашаққа деген сенім мен жарқын өмірге жетелейді. «Бәрі Берекелі болады» деп, Bereke Bank осыған кепілдік береді.
Bereke Bank Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко: «Біз Қазақстанның банк нарығын мұқият зерделедік, тұтынушыларға зерттеу жүргіздік және ұзақ өмір сүретін және қосымша табыс әкелетін әрі танымал болатын бренд құруға тырыстық».
Логотипті жаңарту Bereke Bank-тің заманауи цифрлық ортаға тез бейімделе алатын бәсекеге қабілетті бизнес құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Жаңа логотип технологиялы, оны кез-келген ортада, соның ішінде цифрлық ортада оңай қолдануға болады.
Логотиптің қанық әрі тартымды түстері брендтің негізгі идеясымен үйлесім табады. Көк түс – сенімділік, тұрақтылық пен тепе-теңдіктің белгісі. Ал жасыл болса, қуанышты, сәттілік пен жетістікті, бақытты өмірді айшықтайды. Брендингте қолданылған әр элемент клиентімізге арналған қызметтердің бірлігі мен үйлесімін танытады.
Bereke Bank Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко: «Бренд сабақтастығын сақтау үшін біз жасыл түсті қалдырып, қою көк түсті қостық. Көк – ол аспан. Жасыл – жер. Бұл – Қазақстанды бейнелейтін түстер. Біз қазақстандық банкпіз! Жаңашылдыққа бет бұруымыз клиентке бағытталған банк болуға деген ұмтылысымызды, амбициямызды айқындайды».
Логотипті жаңарту қаржы институты жұмысының келесі сапалы кезеңін белгілейді. Банк барлық қазақстандықтарды ұлттық валютамыздың 30 жылдығымен құттықтайды, баршаңызға құт-береке, толағай табыстар тілейміз. Бәрі Bereke-лі болады!
Анықтама үшін:
«Bereke Bank» АҚ – екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. Bereke Bank ҚР ЕДБ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА кіреді. Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді. Бұл Қазақстанның банк нарығында ең жоғары рейтингтердің бірі.