Берденовке қатысты істе тағы бір тың дерек шықты

Сағыныш Сардарова 03 қыр. 2025 15:57

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған қару Астанада ресми түрде есептен шығарылған болып шықты. Бұл туралы Мәжіліс дәлізінде ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, бұған полицейлердің салғырттығы себеп болған, сондықтан қылмыстық іс қозғалған.

Журналистердің сауалына жауап берген министр қарудың Астанада есептен шығарылып, кейін Шымкенттен табылғанын жанама түрде растады.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кездеседі. Бұл біреудің сатып жібергенінен емес, полиция қызметкерлерінің немқұрайлығынан туындап отыр. Қазір қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысында кінәлілердің кім екені және қарудың қайдан шыққаны анықталады", – деді Ержан Сәденов.

Әкімдік маңындағы атыс туралы

21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Артынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек сот үкімі шықты. Ернар Жиембай 9 жылға сотталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар