АИ-92 маркалы бензин мен жазғы дизель отынының бөлшек саудадағы бағасы біртіндеп өсуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді.
Еске салайық, аталған отын түрлерінің бағасын көтеруге мораторий 2025 жылғы 16 қазанда енгізіліп, 2026 жылғы 31 наурызға дейін қолданылды.
Вице-министрдің айтуынша, өткен жылғы тәжірибе бағаның күрт қымбаттамайтынын көрсеткен.
«Баға бірден шарықтамайды, кезең-кезеңімен өседі деп ойлаймын», – деді ол.
Дегенмен, нақты қанша мөлшерде және қай уақыт аралығында қымбаттайтыны әзірге нақтыланбады.
